Жыл басынан бергі төрт айда Қазақстанға 3,3 млн тонна тазарту өнімдері импортталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
2023 жылғы қаңтар-сәуір аралығында Қазақстанда 0,9 тонна тазарту пасталары, ұнтақтар, өзге де тазалау құралдары өндірілді. Осылайша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 91,1% құрады.
Дегенмен, нарықта импортталған өнімнің үлесі басым. Мәселен, биылғы жылдың төрт айында 3,3 миллион тоннадан астам паста, ұнтақ және тазарту құралдары әкелінді, - делінген статистика хабарламасында.