ТЖМ мәліметінше, Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС алдын ала мәліметтеріне сәйкес, сейсмикалық дүмпу Алматы қаласында тіркелді.
Қазіргі уақытта сейсмикалық жағдайға байланысты мәліметтер нақтыланып, жер сілкінісінің сезілуі туралы ақпараттар жинақталып жатыр.
Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.
Бұған дейін 14 қазанда Астана уақытымен сағат 12:17-де Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелген болатын. Магнитудасы – 4.0, энергетикалық класы – 9.3. Жер сілкінісі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 195 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.