Қазақстанда тағы бір мерекелік демалыс болуы мүмкін

27 Маусым 2020, 16:03
2479
Бөлісу:
Қазақстанда тағы бір мерекелік демалыс болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда Абай күні атап өтілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Ашық НҚА" порталында жариялады.

Атаулы мерекені тойлау үшін ұлы ойшылдың туған күні 10 тамыз ұсынылып отыр.

Жалпы, Абайдың туған күніне қатысты да екіұшты болжам бар. Хакім дүниеге келген күн ретінде екі дата – 10 тамыз бен 23 тамыз аталады. Былтыр елордада өткен дөңгелек үстелде зиялы қауым өкілдері, белгілі қаламгерлер мен ғалымдар Абайдың туған күні турасында түрлі деректерді келтірді. Көпшілік 23 тамыз болуы керек деген тоқтамға келген болатын. 

Егер, мемлекет Абай күнін атап өткізгісі келсе, осы жағын анықтап алғандары да дұрыс болар.

Биыл елімізде ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады. Осыған байланысты Қазақстанда және әлемде жыл бойына ауқымды мерекелік өткізіліп тұрады. Ақынның мерейтойын тойлауға республика бюджетінен 2,36 миллиард теңге (5,3 миллион доллар) бөлінді.

Өзгелердің жаңалығы