Қазақстанда сүт өндірісі жаңа деңгейге көтеріледі: 9 мың сиырға арналған ферма салынып жатыр

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімі 9,8 трлн теңгеге жетті. Ал Солтүстік Қазақстандағы жаңа технологиялар мен ауқымды жоба сүт өндірісін қалай өзгертпек?

20 Қазан 2026, 16:07
АВТОР
 СҚО әкімдігі 20 Қазан 2026, 16:07
20 Қазан 2026, 16:07
116
Фото: СҚО әкімдігі

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде цифрландыру мен автоматтандырудың маңызы артып келеді. Солтүстік Қазақстан облысында заманауи технологиялар мал шаруашылығының тиімділігін арттырып, сүт өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Өңірдегі бірқатар шаруашылық малдың жағдайын бақылау, сүт өнімділігін арттыру және өндіріс үдерістерін оңтайландыру үшін цифрлық шешімдерді енгізген.

Фото: СҚО әкімдігі

Мәселен, «Атамекен-Агро-Корнеевка» кәсіпорнында малдың жай-күйі мен сүт өнімділігін бақылауға арналған DairyPlan және CowScout жүйелері қолданылады. Ал «СК Агро 2050» ЖШС-де бір мезгілде 100 сиырды саууға мүмкіндік беретін «Карусель» қондырғысы жұмыс істейді.

Сонымен қатар «Зенченко и К» КТ 9 мың басқа арналған сүт-тауар фермасын салу жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба іске қосылған жағдайда кәсіпорын жылына 38 мың тоннаға дейін сүт өндіруді жоспарлап отыр.

Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу станциясының директоры Виталий Заиканың айтуынша, цифрлық технологиялар малдың жағдайын жедел бақылауға, ресурстарды тиімді пайдалануға және еңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі.

Фото: СҚО әкімдігі

Бұл енді жекелеген үдерістерді автоматтандырумен ғана шектелмейді. Ауыл шаруашылығы өндірісін басқарудың жаңа деңгейіне көшуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті ол.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі екі есеге жуық өсті

Агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту жұмыстары республика көлемінде де жалғасып жатыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жеткен. Бұл – 2019 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық жоғары көрсеткіш.

Сала дамуына мемлекеттік қолдау да ықпал етіп отыр. 2025 жылы агроөнеркәсіптік кешенді жеңілдікпен қаржыландыруға 1 трлн теңгеге дейін қаражат қарастырылған.

Фото: СҚО әкімдігі

Виталий Заиканың сөзінше, мемлекеттік қолдау шаруашылықтарға өндірісті жаңғыртуға, жабдықтарды жаңартуға және ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға қосымша мүмкіндік береді.

Оның пікірінше, қаржылық қолдау заманауи технологиялармен және мамандардың кәсібилігімен ұштасқанда, агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуына негіз қаланады.

Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі ауыл шаруашылығын цифрландыру мен заманауи технологияларға инвестиция салу отандық өндірістің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Бұл бағыттағы жұмыстар елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға да ықпал етпек.

Наверх