Қазақстанда Сот-сексологиялық сараптама енгізіледі – Әділет министрлігі

1 Шілде 2024, 13:45
431
Бөлісу:
Қазақстанда Сот-сексологиялық сараптама енгізіледі – Әділет министрлігі
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Соңғы кездері сексуалдық сипаттағы қылмыстар санының артуына байланысты Әділет министрлігі зерттеудің жаңа түрі – Сот-сексологиялық сараптаманы енгізу бойынша жұмыстарды бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сараптама тексерілушінің психосексуалдық дамуда қандай да бір ауытқулардың бар немесе жоқтығын, ауытқулар байқалса, олар нені білдіретінін және педофилдерді анықтап, тексерілушіге химиялық кастрация қажет пе, жоқ па деген сұраққа жауап береді, – деді Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли баспасөз мәслихатында.

Ресми өкілдің айтуынша, осы жобаны іске асыру мақсатында Астана қаласының Сот сараптамалары ғылыми-практикалық орталығының 3 сот сарапшысы Беларусь Республикасында оқудан өтті. Қазіргі уақытта Сот-сексологиялық сараптама түрі бойынша әдістеме әзірленіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы