Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда шетелдік спортшыларды бюджеттен қаржыландыруға тыйым салынды

Әсел ӘБІЛБЕК
4 Қыркүйек 2025, 12:08
417
Бөлісу:
 Нұркен Алишев  - архив
Фото: Нұркен Алишев - архив

Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Енді кәсіби клубтар тәжірибе арттыру немесе клуб әлеуетін көтеру мақсатында шетелдік спортшыларды шақыратын болса, мемлекеттік бюджеттен тыс қаражатқа қарастыруы керек. Мемлекеттік бюджет тек отандық спортшыларды дамытуға жұмсалады.

Бұқаралық және жастар спортын дамыту пайдасына бюджет ресурстарын қайта бөлудің ағымдағы үрдісін ескере отырып, бір мезгілде айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) белгіленген мәнін қолдана отырып, кәсіби спорт клубтарын қаржыландырудың шекті деңгейі белгіленеді. Бұл тетік инфляциялық процестерді ескеруге мүмкіндік береді және олардың жыл сайынғы автоматты қысқаруын болдырмай, қаржыландыру көлемінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, - деді Серік Жарасбаев.

Осылайша, футболдан негізгі ерлер, әйелдер, жастар командасын және балалар-жасөспірімдер академиясын ұстауға қаржыландыру лимиті 650 000 АЕК-тен аспайды (2 555,8 млн), шайбалы хоккей бойынша 375 000 АЕК-тен (1 474, 5 млн) аспайды және спорттың басқа ойын түрлері бойынша 120 000 АЕК-тен (471,8 млн) (әрбір ерлер мен әйелдер командалары үшін) аспайды.

Сондай-ақ бас жаттықтырушылар, жаттықтырушы-консультанттар, негізгі команданың жаттықтырушылары мен спортшылары (500 АЕК-тен аспайтын – 2 млн) және жастар командасының спортшылары (80 АЕК-тен аспайтын – 0,3 млн) үшін айына ең жоғары жалақыға лимит белгіленді.

Бір өңірде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бір спорт түріне бір клубты ұстау көзделеді.

Өзгелердің жаңалығы