Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістан Үкіметі Қазақстан Үкіметінің және басқа да қазақстандық ұйымдардың қолдауымен Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығын және үнді-қазақстандық дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылғанына 30 жыл толуын атап өтіп жатыр. Бұл туралы елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтандағы Үндістан Елшілігінде Свами Вивекананда Мәдени орталығы (SVCC) осы маңызды оқиғаларға арналған көптеген мәдени шара ұйымдастырады.
Үндістанның орындаушылық өнері бүкіл әлемде танымал. Катхак - Үндістанның тоғыз классикалық би стилінің бірі. Қазақстандықтар үшін SVCC-де катхак биінің тұрақты сабақтары өтеді. Осы мерекелік шаралар аясында Теджасвани Сатхе ханым басқаратын Шамбхави халықаралық Катхак мектебіне Қазақстандағы қойылымдар мен шеберлік сабақтары үшін Үндістанның Мәдени байланыстар кеңесі (ICCR) демеушілік жасады.
Би тобының алғашқы өнер көрсетуі 2022 жылдың 27 наурызында Тимиртаудағы Қазақстандағы ең ірі үнділік іскерлік орталықтардың бірі – ArcelorMittal залында өтті. 2022 жылғы 28 наурызда Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық хореография академиясында топ катхак биінен шеберлік сабағын өткізді.
Үндістандық студенттердің айтарлықтай бөлігі Қазақстанның медициналық университеттерінде оқитынын атап өткен жөн. Осы саладағы ынтымақтастығымыздың маңыздылығын ескере отырып, 2022 жылдың 29 наурызында сағат 16:00-де Астана медициналық университетінде Шамбхави катхак мектебінің би тобының қойылымы ұйымдастырылады. Сіздерді қазақстандық БАҚ өкілі ретінде концертті тамашалауға шақырамыз.