2018 жылғы жер қойнауын пайдалану реформасынан кейін Қазақстанда шамамен 4 мың геологиялық барлау лицензиясы берілді.
Бұл туралы Астанадағы халықаралық геологиялық форум барысында BAQ.KZ редакциясына Қазақстан тау-кен палатасы президенті Руслан Баймишев мәлімдеді.
Бүгін елордада Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геологиялық форумы басталды. Шараның негізгі мақсаты - 2018 жылы жүргізілген реформаның орталықазиялық деңгейдегі алғашқы нәтижелерін талдау. Сол кезде Қазақстан посткеңестік кеңістікте бірінші болып геологиялық барлауға барлық инвесторлардың есігін ашты. Үлкен халықаралық компаниялар келді, отандық және шетелдік кіші компаниялар құрылды. Егер бұрын 500 келісім болса, қазір шамамен 4 мың лицензия берілді, - деді Баймишев.
Ол форумның аймақ елдері арасында тәжірибе алмасу алаңы болғанын атап өтті. Оның айтуынша, металдардың бағасының өсуі және сирек элементтерге, алтынға, мысқа және басқа да критикалық маңызды минералдарға қызығушылықтың артуы сала үшін жаңа басымдықтарды қалыптастырады.
Сонымен қатар әр ел геологиялық барлауды дамытуда өз стратегиясын жасап жатыр, алайда Баймишевтің сөзінше, Орталық Азия елдеріне бұл бағытта бірлесіп жұмыс істеу маңызды. Қазақстан тау-кен палатасы елімізде жұмыс істейтін барлық халықаралық инвестордың мүддесін қорғайды.
Компаниялар юрисдикцияны таңдағанда тек геологиялық әлеуетке ғана емес, жұмыс шарттарының түсініктілігіне, сала заңнамасының тұрақтылығына және салық жүйесінің ұзақ мерзімді болжамдылығына мән береді. Геологиялық барлауға инвестиция салған кезде инвестор 10-15, кейде 20 жылға тұрақты ережелерге сүйенгісі келеді. Сол себепті оған тұрақты сала заңнамасы немесе оның қалай өзгеретінін болжау мүмкіндігі қажет. Екіншіден, бұл салық заңнамасы. Яғни, табысты мемлекет пен инвестор арасында әділ бөлу керек екенін түсінеміз, бірақ бұл болашақта қалай қолданылатыны да түсінікті және болжамды болуы тиіс, - деп түйіндеді Баймишев.
Еске салайық, бұған дейін Геология, инвестиция және барлау саласына қатысты Астанада халықаралық форум басталды.
Сарапшы Орталық Азияның геологиясы бәріне қызық екенін айтты.