Елімізде шахтерлердің жұмыс істеу мерзімін қысқарту ұсынылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тамара Дүйсенова халықаралық тәжірибені ескере отырып, әлеуметтік әріптестердің қарауына азаматтардың зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеуінің барынша көп кезеңін белгілеу және сақтандыру компанияларының жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға қатысуы жөнінде ұсыныстар әзірленіп, шығарылатынын айтты.
Мысалы, Австралия, Италия және Германия мемлекеттерінде көмір шахталарында жұмыс істеудің максималды кезеңі 15 жыл, металлургия өндірісінде 20 жыл. Әлемнің 24 елінің сақтандыру компаниялары жұмыс берушілердің кәсіптік тәуекелдерді бағалауға, қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі стандарттарды әзірлеуге жұмсаған шығындарын өтейді. Осы тәсілдерді бізде де енгізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады, – деп айтты Тамара Дүйсенова.