Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда сәбилер өлімі тарихи ең төменгі деңгейге жетті

Бүгiн, 20:48
112
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға жүгініп, әлеуметтік желі арқылы үндеу жасады. Ол өткен жыл денсаулық сақтау жүйесі үшін нақты өзгерістер жылы болғанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлназарова оның нәтижелері қазірдің өзінде байқалып отырғанын айтады:

  • жалпы кісі өлімі 2,6%-ға,
  • онкологиялық аурулардан болатын өлім - 6,3%-ға төмендеді,
  • сәбилер өлімі тарихи ең төменгі деңгейге — -18,7%-ға жетті,
  • 2025 жылы өмір сүру ұзақтығы 75,8 жасқа дейін өседі деп күтілуде.

Қазақстан БҰҰ-ның Адами даму индексінде 7 орынға көтеріліп, 193 ел арасында 60-орынға ие болды. 2025 жылы МӘМС-ті жетілдіру туралы заң қабылданды, жаңа жылдан бастап 1 миллионға жуық адам қосымша медициналық көмекке қол жеткізе алады. Онкоскринингтер кепілдендірілген пакетке ауыстырылды, бұл сақтандырылмаған азаматтардың қамтуын кеңейтті, - дейді сала басшысы.

Дәрігерлерді құқықтық қорғау күшейтілді - зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы