Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда қылмыс деңгейі екі есе төмендеді – ІІМ

Әсел ӘБІЛБЕК
13 Қазан 2025, 10:45
423
Бөлісу:
 - архив
Фото: - архив

Бүгінгі Үкімет сағаты көшпелі форматта Ішкі істер министрлігінің ғимаратында өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ІІМ Ержан Сәденовтің айтуынша, елімізде қылмысқа қарсы нақты бағдарлама іске асырылып жатыр.

Жалпы елімізде жағдай тұрақты. Егемендік алғаннан бері қылмыс саны екі есеге төмендеді. Кісі өлтіру фактілері 4,5 есеге қысқарды. Бұл нәтижеге ауқымды профилактикалық жұмыстың нәтижесінде қол жеткіздік. Ал халық саны 1,5 есеге өсіп отыр, – дейді министр.

Оң динамика биыл да сақталған. Қылмыс 7 пайызға немесе 6 мыңнан астам қылмысқа дейін азайып отыр.

Кісі өлтіру фактілері, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау, бұзақылық, ұрлық, сондай-ақ бұрын сотталғандар, қоғамдық орындарда, көшелерде және атыс қаруымен жасалатын қылмыстар төмендеді, – дейді ІІМ басшысы.

Өзгелердің жаңалығы