Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда қуықасты безі обырын анықтайтын радиопрепарат өндіріле бастады

Бүгiн, 11:01
207
Бөлісу:
 ҚР ПІБ Медициналық орталығы баспасөз қызметі
Фото: ҚР ПІБ Медициналық орталығы баспасөз қызметі

ҚР ПІБ МОА Ядролық медицина орталығы Қазақстанда, сондай-ақ ТМД және Орталық Азия елдері арасында бірінші болып ⁶⁸Ga-PSMA радиофармацевтикалық препаратының циклотрондық өндірісін енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл қуықасты безі обырына ПЭТ/КТ-диагностика жүргізуде қолданылатын маңызды радиофармпрепараттардың бірін толық технологиялық цикл бойынша өндіру басталғанын білдіреді.

Қазақстанда қуықасты безі обырын анықтайтын радиопрепарат өндіріле бастады

Бұған дейін ⁶⁸Ga-PSMA тек генераторлық әдіспен ғана өндірілетін және шектеулі түрде қолжетімді болған.

Айта кетейік, циклотрондық өндіріс препараттың сапасын тұрақты ұстауға, жоғары деңгейде қайталанымдылыққа қол жеткізуге және халықаралық сапа мен радиациялық қауіпсіздік талаптарына толық сай болуға мүмкіндік береді. Бұл жобаны іске асыру үшін ғылыми-технологиялық бейімдеуден бастап, клиникалық валидация мен оны диагностикалық хаттамаларға енгізуге дейін ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді. ⁶⁸Ga-PSMA препараты қуықасты безі обырына ПЭТ/КТ-диагностика жүргізуде қолданылады және алғашқы пайда болған ісікті, ерте кезеңдегі метастаздарды, сонымен қатар аурудың қайталануын анықтауда халықаралық стандарт ретінде мойындалған.

Қазақстанда қуықасты безі обырын анықтайтын радиопрепарат өндіріле бастады

Оның қолданылуы аурудың нақты кезеңін анықтауға мүмкіндік беріп, емдеу әдісін таңдауда неғұрлым дәл әрі негізделген шешім қабылдауға жол ашады. Циклотрондық өндірісті енгізу – Ядролық медицина орталығы мамандарының көп жылдық еңбегінің нәтижесі әрі елде жоғары дәлдікті онкологиялық диагностикаға қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған маңызды қадам.

Қазақстанда қуықасты безі обырын анықтайтын радиопрепарат өндіріле бастады

Бұл технологияның іске қосылуы Ядролық медицина орталығының радионуклидтік диагностика саласындағы жетекші референстік орталық ретіндегі беделін нығайтып, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде радиофармацевтикалық технологияларды одан әрі дамытуға берік негіз болады.

Өзгелердің жаңалығы