Қазақстанда қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салынбақ

14 Маусым 2024, 15:48
914
Бөлісу:
Қазақстанда қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салынбақ
Фото: pixabay.com

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи қоғамдық орында діни киім киюге тыйым салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда ең маңызды дүние – еліміздің ұлттық мүддесін, салт-дәстүрін және ұлттық мәдениетін сақтау. Ал қазіргі жағдайды қарасаңыз, қоғамда қара киген қазақтар көбейді. Бұл ұлттық мүдде тұрғысынан біздің болашағымызға үлкен зиянын тигізеді, - деді мәжілісмен Мәжіліс кулуарында.

Парламент дін мәселелерін реттейтін заңды күзде қарайды.

Құжатта мектепке діни киіммен келу де бар. Оған толық тыйым салынады. Қоғамдық орында бетті жауып тұратын діни киім киюге тыйым салу да бар. Жаза ретінде ескерту жасалып, айыппұл салу да қарастыруды ұсынамыз, – дейді Ермұрат Бапи.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Дін туралы күзде қаралатын заңда ұлттық мүддеге қарсы шыққан азаматтар, оның ішінде блогерлерді де жауапқа тарту көзделгенін айтқан.

Қазір бұл жұмыстар басталып жатыр. Біз мемлекеттің ұлттық нышанын, ұлттық бет-бейнесін мемлекеттік компания ретінде жүргізуге тиіспіз. Соның нәтижесінде еліміз тәлім мен тәрбие мәселесін де реттейді. Онымен қоса, соның ішінде ұғындыру, түсіндіру жән түйсік мәселелері шешілмек. Сондықтан ауқымды мемлекеттік шара пәрменде жүруі керек деп білемін. Сол кезде ғана біз діни шиеленіс мәселесін шеше аламыз. Жаңа заңның ішінде тиісті нормалар бар. Егер сол нормалар талқылау барысында қабылданса, еліміз көптеген деструктивті ағымдар мен секталарға тыйым сала алады. Мәселен, сондай деструктивті ағымдағы идеология азамат (еск-блогер) дәріптейтін болса, ал ол ұлттық мүддемізге қарсы келетін болса, азамат жауапқа тартылады, - деді Ермұрат Бәпи.

Өзгелердің жаңалығы