Қазақстанда қазақ тілінде жасанды интеллект өнімдері әзірленетін болады

Бүгiн, 20:15
124
Бөлісу:
Қазақстанда қазақ тілінде жасанды интеллект өнімдері әзірленетін болады
Фото: static.islam.kz

Yandex Qazaqstan компаниясы қазақ тілінде жасанды интеллект өнімдерін әзірлеуге белсенді түрде инвестиция салуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Qaz.AI Жасанды интеллектіні дамыту қауымдастығы ұйымдастырған мастер-класс барысында компанияның жасанды интеллект технологияларын дамыту жөніндегі директоры Александр Крайнов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл қадам еліміздің ЖИ саласындағы ұстанымын едәуір күшейтуге және жаңа технологиялардың дамуына ықпал етуге бағытталған.

Qaz.AI қауымдастығы Қазақстандағы технологиялық компанияларды біріктіріп, білім мен тәжірибе алмасу платформасы ретінде қызмет етеді. Қауымдастық құрылған сәттен бастап ЖИ саласындағы ұлттық даму мен операциялық жүйелердегі өзгерістерді реттеумен айналысуда. 31 шілде күні Қауымдастық мастер-класс өткізіп, жасанды интеллектіні қоғамда қалай қолдануға болатынын түсіндірді. Сондай-ақ оқу барысында қатысушылар жасанды интеллектке байланысты түрлі мәселелер мен мүмкіндіктер жайлы талқылап, білімдерін тереңдете түсті.

Кездесу барысында Qaz.AI жасанды интеллектіні дамыту қауымдастығы Yandex Qazaqstan-ның жаңа мүше ретінде қосылғаны туралы хабарлады. Басшылықтың айтуынша, Қазақстанда бұл серіктестік ЖИ енгізуді жылдамдатады. Сондай-ақ саладағы негізгі бастамалар бойынша жұмыстар атқарылады.

Yandex Qazaqstan-ның қауымдастыққа қосылғанына қуаныштымыз. Тәжірбиелі, ауқымды сараптамасы бар Yandex Qazaqstan сияқты ірі компанияның мүшелік етуі біздің мүмкіндіктерімізді айтарлықтай арттырады. Инновацияларды ілгерілетуге және еліміз үшін негізгі бастамаларды қолдауға көмектесе отырып, Қазақстанда Ұлттық жасанды интеллектіні дамыту бағытында қызмет етеміз, – деді Қазақстандағы ЖИ дамыту қауымдастығының төрағасы Бақытжан Ешмұхамбетов.

Yandex Qazaqstan қазақ тілінде ЖИ-өнімдерін дайындауға инвестиция салуда. Әзірленген жұмыстарын атап өтер болсақ, виртуалды көмекші – Алиса; Іздеу мүмкіндіктері мен үлкен генеративті модельдерді біріктірген Нейро қызметі интернеттегі барлық ақпаратты талдайды, сондай-ақ ақпараттық дереккөздерді сілтемелермен сыйымды жауапқа жинайды. Белгілі уақыт режимінде жазылған мәтінді аударуға көмектесетін ақылды камераны да атап өтуге болады, іздеу жолағының астында пайда болатын жылдам жауаптар пайдаланушылардың айына 15 мың сағатын үнемдейді. Сондай-ақ видеоны қазақ тіліне аударуға, дыбыстық жолды талдауға және грамматикалық ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін Яндекс браузеріндегі видеоның нейрожелілік аудармасы жұмыс істейді.

2024 жылғы шілдеде Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2024-2029 жылдарға арналған ЖИ дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Құжат экономиканың әртүрлі салаларына ЖИ технологияларын енгізуді және 2029 жылға қарай ЖИ өнімдерінің санын бес есеге арттыруды көздейді. Сонымен қатар білікті мамандарды даярлау үшін ЖИ бойынша білім беру бағдарламаларын кеңейту және экономикада мультипликативтік әсер жасау үшін отандық компаниялардың қажеттіліктерін есепке алу жоспарда бар.

Бұл бастамаларды Qaz.AI қауымдастығы Yandex Qazaqstan қызметінің қолдауымен жүзеге асырмақ. Қазақстанға жасанды интеллект саласында көшбасшы позицияларды алуға және ұлттық инновациялық экожүйені нығайтуға көмектеседі.

Өзгелердің жаңалығы