Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлық трансплантация 2,6 есеге артты

Бүгiн, 18:38
153
Бөлісу:
 ДСМ баспасөз қызметі
Фото: ДСМ баспасөз қызметі

2025 жылы Қазақс танда қайтыс болған донорлардан жасалған трансплантаттаулардың саны 2,6 есеге артты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігіндегі аппараттық кеңесте министр Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен Республикалық трансплантаттауды үйлестіру орталығы елдегі ағза донорлығын дамытудың оң динамикасы туралы есеп ұсынды.

Қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан жасалған трансплантаттаулардың саны өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есеге артты, ал ағымдағы донорлардың саны 2025 жылдың 10 айында екі есе дерлік – 6-дан 16-ға дейін. көбейді. eGov.kz сайтындағы азаматтардың жалпы ерікті ниет білдіру көрсеткіші 27%-ға өсті, ал келісім үлесі 63%-ға жетті, – деп хабарлады Республикалық трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру орталығының басшысы Айдар Ситқазинов.

2024 жылмен салыстырғанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан жасалатын трансплантаттаулардың саны екі есеге көбейді, тірі донорлардан жасалатын операциялардың саны 2,5%-ге артты.

Операциялық белсенділіктің өсіміне инфрақұрылымның кеңеюі ықпал етуде: елде былтырғы 7 орталықтың орнына бүгінде 11 трансплантаттау орталығы жұмыс істейді.

Бүгінде 4521 қазақстандық ағза ауыстыруды күтуде, күту парағындағы пациенттердің арасындағы өлім 4,6%-ға төмендеді.

Сондай-ақ донорлық белсенділік ең жоғары Алматы мен Астана қалаларында, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды.

Жүйе одан әрі дамуға дайындалуда: бірқатар салалық бұйрықтарға өзгерістер енгізілді, дәрігерлерді Қазақстанда және шетелде оқыту жалғасуда, Испания, Түркия және Беларусьпен халықаралық әріптестік кеңеюде.

Кеңес қорытындысы бойынша А. Әлназарова трансплантаттауды дамыту мәселесін бірнеше өңірде жүйелі мониторингке алуды, шұғыл тасымалдауды қамтамасыз етуді, цифрлық шешімдерді енгізуді, сондай-ақ қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты насихаттау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Бұған дейін Алматыдағы №4 клиникалық ауруханада мультиорганды донорлық операция сәтті өтіп, қайтыс болған донордың жүрек, бауыр және екі бүйрегі төрт адамның өмірін құтқарғаны жайлы жаздық.

Өзгелердің жаңалығы