Қазақстанда қауіпті өрттерді сөндіру үшін робот қолданылады

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар жаңа буын техникасын — өрт сөндіру роботын пайдалануды үйренді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 14 Қыркүйек 2025 2025, 10:52
14 Қыркүйек 2025 2025, 10:52
758
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар жаңа буын техникасын — өрт сөндіру роботын пайдалануды үйренді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл сабақтарда ерекше техника — өрт сөндіруге арналған робот-құтқарушыны пайдалану үйретілді.

Оқу-жаттығу барысында мамандар роботтың нақты қалай жұмыс істейтінін көрсетіп, оның мүмкіндіктері мен басқару қағидаттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қашықтықтан басқару пультінен лафеттік оқпан арқылы су беруді көрсетуге ерекше назар аударылды.


 

Наверх