6 қазан, дүйсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Елдің оңтүстік облыстарында шаңды дауыл мен қатты жел болуы ықтимал. Шымкент қаласында желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Алматы, Қонаев, Тараз және Талдықорған қалаларында -5–7 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал. Ақтау, Атырау, Орал қалаларында, сондай-ақ Ұлытау және Қостанай облыстарында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Ерекше қолайсыз ауа райы Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында күтіледі. Бұл өңірлерде қатты жел соғып, төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарында тұман түсіп, жел соғады және -1–3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін, - деп жазылған "Қазгидромет" хабарламасында.
Қызылорда мен Түркістан облыстарында синоптиктер шаңды дауыл, қатты жел және төтенше өрт қаупі туралы ескертеді.