Қазақстанда қаржы қылмыстарына қарсы заң күшейтілді

Мемлекет басшысы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған заңға қол қойды.

 Ақорда 19 Қыркүйек 2025 2025, 19:31
19 Қыркүйек 2025 2025, 19:31
712
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Наверх