Қазақстанда қанша Наурыз бар?

Кеше, 11:46
394
Бөлісу:
Қазақстанда қанша Наурыз бар?
Фото: Артём Чурсинов

Қазақ өте ырымшыл халық. Әсіресе жаңа туған балаға ат қоятын кезде көп дүниеге мән береді. Көктем мерекесінің құрметіне көгерсін, көктесін, қатарының алды болсын деген ниетпен Наурыз деп ат қойған. Бүгінде Қазақстанда қанша Наурыз бар екені және олардың қай өңірлерде тұратыны анықталды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, елде Наурыз есімді 1 472 адам бар екен.

Наурыз есімі ең көп кездесетін өңір – Маңғыстау облысы (282 адам). Екінші орында Түркістан облысы (172 адам), ал үшінші орында Қызылорда облысы (165 адам).

Ірі қалалар арасында бұл есімді ең көп иеленгендер Шымкентте тұрады – 83 адам. Одан кейін Астана (62) және Алматы (42) қалалары келеді.

Кейбір өңірлерде Наурыз есімі сирек кездеседі. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында – 7, Жетісу және Абай облыстарында – 15 адамнан ғана. Таңқаларлығы, Оңтүстік Қазақстан облысында бұл есім мүлде тіркелмеген.

Қазақстандағы ең егде жастағы Наурыз есімді азамат 84 жаста. Ал соңғы бір жылда бұл есім 9 жаңа туған нәрестеге берілген.

Сонымен қатар елде Наурыз есімі әртүрлі жалғаулармен кездеседі. Мысалы, Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан, Наурызгүл, Наурызғали секілді нұсқалары бар.

Сондай-ақ сирек кездесетін және күрделі құрама есімдер де бар: Наурызсұлтан, Наурызмұрат, Наурыз-мейрам, Наурызкерей, Наурызқожа, Наурызгүлден, Наурызбай-бек-әділет, Наурызберген, Әбдінаурыз, Наурызханым, Береке-Наурызбай, Наурызғалий, Наурызбийке, Наурызайсұлу, Наурыза, Наурызкелді, Гүлнаурыз.

Өзгелердің жаңалығы