Қазақстанда қалалық автобустарда жол жүру ақысы қанша?

Кеше, 17:21
224
Бөлісу:
Қазақстанда қалалық автобустарда жол жүру ақысы қанша?
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив

Ұлттық статистика бюросының 2024 жылғы маусымдағы деректері бойынша еліміздегі қалалық автобустарда жол жүру ақысы қанша екені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанда қалалық автобустарда жол жүру ақысы қанша?
Ұлттық статистика бюросы

 

Қалалық автобуста жол жүрудің жиі таралған жолақысы 80 теңге, мұндай төлем мөлшері Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қонаев, Семей және Талдықорған қалаларында белгіленген.

Қазақстандықтар үшін қалалық автобуспен жол жүрудің ең арзан ақысы Шымкент, Ақтау және Түркістан қалаларында – 70 теңге.

Алматы, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Павлодар және Петропавл қалаларының тұрғындары қоғамдық көлікте жүргенде 100 теңгеден төлейді.

Айта кетейік, Ақтау, Қонаев және Түркістан қалаларынан басқа елдімекендерде көлік картасы немесе QR арқылы төленетін мөлшер көрсетілген

Өзгелердің жаңалығы