Қазақстанда пошташылар айына шамамен 160 мың теңге жалақы алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқи отырыңыз:
Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Қазпошта төрағасы Әсел Жанасова айтты.
Пошташылар алатын орташа жалақы 160 мың теңге. Бірақ әртүрлі пошташылар бар. Мысалы, халық аз тұратын ауылдарда аптасына немесе айына 2 хат келуі мүмкін. Яғни ол жердегі пошташылар аптасына екі рет бір сағаттан жұмыс істейді. Оларға толық лауазымдық жалақы төлеген дұрыс емес деп ойлаймын, себебі күндіз-түні жұмыс істейтін пошташылар бар. Барлығына бірдей жағдай жасалған, - деді ол.
Сөзінше, аптасына екі сағат жұмыс істеген жағдайда мөлшерлеме де төмен болады.
Бұған дейін Қазпошта басшысы қандай жалақы алатынын жаздық.