Қазақстанда отшашу сатуға тыйым салу ұсынылды

Кеше, 15:00
196
Бөлісу:
Қазақстанда отшашу сатуға тыйым салу ұсынылды
Фото: BAQ.KZ архив

Елімізде пиротехникалық өнімдердің сатылуына тыйым салу ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл петиция ePetition порталында жарияланды. Петиция авторларының айтуынша, пиротехника табиғатқа зиян келтіріп қана қоймай, адамдар мен жануарларға қауіпті деп есептейді.

2024 жылдың жаңа жылдық мереке кезінде пиротехникалық өнімдерден еліміздің аймақтарынан 63 адам зардап шеккен, соның ішінде 20 бала бар. Ең көп зардап шеккендер Алматы, Шымкент қалаларында және Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында тіркелген.

Петицияда пиротехникалық өнімдерден ауаға зиянды заттар, оның ішінде көмірқышқыл газы, монооксид, азот, күкірт диоксиді және қатты бөлшектердің шығуы атмосфераның сапасына теріс әсер ететіні айтылған. Сонымен қатар, салюттар ашық терезелер мен балкондарға түсіп, өртке себеп болуы мүмкін. 

Петиция авторлары пиротехникалық өнімдерді балаларға сатуға тыйым салынғанына қарамастан, кейде сатушылар оларды жасырын түрде сатады. Ата-аналар тарапынан бұл өнімдерді пайдалануға тыйым болмайды. Қаңтарда жарияланған петиция қазіргі уақытта 40 қолдау жинады.

Өзгелердің жаңалығы