Қазақстанда отандық тұқыммен қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар әзірленеді

13 Қазан 2022, 20:24
1101
Бөлісу:
Қазақстанда отандық тұқыммен қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар әзірленеді
PHOTO

Еліміздің барлық өңірінің сала мамандары Қазақстан өсімдік өсірушілерінің екінші республикалық слетіне жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АШМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, слет аясында агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту мәселелері бойынша белсенді диалог пен пікір алмасу өткен. 

Жиынға Ауыл шаруашылығы министрі қатысып, қатысушылардың алдында сөз сөйледі. Ербол Қарашөкеев қатысушыларды 16 қазанда Қазақстанда атап өтілетін Нан күнімен құттықтап, өсімдік өсірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары мен саланың маңызды бағдарламаларына жеке тоқталды.  

Қазақстанда отандық тұқыммен қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар әзірленеді

 

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемі 2 есеге ұлғайып, 140 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте қосымша 70 млрд бойынша кредит беру нормативі ұлғайтылды, бұл туралы фермерлердің өздері сұраған болатын. Сондай-ақ, «Азық-түлік корпорациясы» форвардтық сатып алу тәжірибесі жалғасып, сатып алынатын дақылдардың тізбесі 10 атауға дейін кеңейтілді. Тізімге зығыр, рапс, қарақұмық және жүгері кіреді, - деді министр.

Ербол Қарашөкев шаруаларды қолдаудың басқа да шараларын атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, жаппай егін жинау жұмыстарының басталуына қарай фермерлер несиелеудің тиімді шарттарымен жеңілдікті лизинг бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы техникасын алды. Осы шаралардың барлығы жақсы өнім жинауға мүмкіндік берді. 

Қазақстанда отандық тұқыммен қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар әзірленеді

Егер бұрын болжанған өнім 18,4 млн тонна астықты құраса, бүгінгі күні орташа өнімділігі 13,5 ц / га болғанда 21,6 млн тонна астық бастырылды. Сонымен қатар, бидай бойынша жалпы алым 13,4 млн тонна деңгейінде болжанған болатын, бірақ бүгінде бастапқы салмақта 16,2 млн тонна жиналды, - деп толықтырды Ербол Қарашөкеев.

Министр сондай-ақ Президент тапсырмасы бойынша тұқым шаруашылығын дамыту үшін отандық селекцияны тұқыммен қамтамасыз ету бойынша жеке кешенді жоспар әзірленіп жатқанын атап өтті. Ал импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында тұқым шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы құрылады, онда бірыңғай тізбекте «селекция, тұқым шаруашылығы және өндіріс» біріктіріледі. Бұл жұмыс ҰАҒБО және Қазақстанның жетекші ғалымдарымен бірлесіп жүргізіліп жатыр. 

Қазақстанда отандық тұқыммен қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар әзірленеді

Алдағы жылдан бастап дамыған елдердің тәжірибесі бойынша жоғары репродукциялы тұқымдардың оригинаторлардан тауарлық шаруашылықтарға дейін ілгерілеуін цифрлық форматта қадағалауға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық жүйе енгізілетін болады, бұл олардың пайдаланылуына қатаң бақылау орнатуға мүмкіндік береді, - деп қосты АШМ басшысы. 

Қазақстанда отандық тұқыммен қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар әзірленеді

Соңында Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы отандық нан өсірушілердің, ұн тартушылар мен наубайшылардың, сондай-ақ нан өндірісіне қатысқандардың кәсіби қызметтегі жоғары жетістіктері үшін сіңірген еңбегін атап өтті. Өсімдік шаруашылығының озаттары ведомстволық наградалармен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы