2024 жылғы IV тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2023 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 10,5%-ға өсіп, 434982 теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні бағалау бойынша 2024 жылдың IV тоқсанында 308717 теңгені құрады. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85000 теңге мөлшерінде белгіленді.
1. Жалақы динамикасы
2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 10,5%-ға өсті, нақты жалақы индексі 101,8% құрады. Өткен тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 11,4%-ға жоғарылады, нақты жалақы индексі 108,9% құрады.
Қазақстан Республикасындағы тоқсандар бойынша атаулы және нақты жалақы индексі

Қазақстан Республикасындағы жалақы
.png)
Өңірлік бөліністе 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың IV тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Алматы және Шымкент қалаларында – 13,6%-ға, Қарағанды облысында – 13,2%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында – 12,9%-ға және Ақтөбе облысында – 12,6%-ды құрады.
2024 жылғы IV тоқсандағы өңірлер бойынша қызметкерлердің айлық жалақысының орташа мәні
.png)
2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ақпарат және байланыста – 32,8 есе, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 22,7%-ға, өнер, ойын-сауық және демалыс – 20,6%-ға, салаларында байқалды.
Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 14,3%-ға өсті, оның ішінде сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында – 23,1%-ға, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында – 18,8%-ға.
2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең төменгі өсуі, білім беру салаларында – 5%-ға, мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру – 3,4%-ға және әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында– 3,1%-ға, байқалды.
Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметі – 2,2 есе, таукен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда– 2,1 есе, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде – тиісінше 1,6 есе жоғары болып тіркелді.
2024 жылғы IV тоқсандағы экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы*
.png)
.png)
2. Кәсіпорындардағы бос жұмыс орны және жұмыс күшінің қозғалысы
2024 жылдың IV тоқсанының соңында кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос жұмыс орындарының (талап етілетін қызметкерлердің) саны 53422 бірлікті құрады және өткен тоқсанымен салыстырғанда 5230 бірлікке төмендеді.
Оның ішінде салалық құрылымда 28,0% өнеркәсіптегі бос орындарды құрайды, 18,2% – мемлекеттік басқару және қорғаныс;
міндетті элеуметтік қамсыздандырудағы және 12,1% – көлік және жинақтаудағы бос орындар.
Өңірлер арасында бос орындар саны бойынша Алматы қаласы – 10161 бірлік, Астана қаласы – 7744 бірлік, сондай-ақ Павлодар облысы – 4968 бірлік және Қарағанды облысы – 3741 бірлік көшбасшы болып табылады.