Қазақстанда оқушыларға смартфон пайдалануға толықтай тыйым салынады

Оқу процесі кезінде білім алушылардың ұялы байланыс абоненттік құрылғысын пайдалануына жол берілмейді.

 pixabay Кеше 2026, 17:24
Кеше 2026, 17:24
1201
Фото: pixabay

Қазақстанда мектеп оқушыларына смартфон пайдалануға толықтай тыйым салу жоспарлануда. Тиісті түзету Педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері жөніндегі заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта әр мектептің әкімшілігі оқушылардың смартфондарды қай кезде пайдалана алатынын өз бетінше анықтай алады. Заң бойынша тыйым тек сабақ үстінде ғана күшінде, ал үзіліс кезінде оқушыларға смартфон қолдануға рұқсат етілген. Сонымен қатар, егер телефон оқу процесіне қажет болса, оны мұғалімнің шешімімен пайдалануға болады.

Заң жобасының салыстырмалы кестесіне сәйкес, бұл норманы алып тастау ұсынылып отыр. Ал оқушылардың гаджеттерді пайдалану-пайдаланбау мәселесін шешу құқығын білім беру саласындағы уәкілетті органға беру көзделген. Ол Оқу-ағарту министрлігі немесе аумақтық білім беру басқармалары болуы мүмкін.

Депутаттар білім алушылардың құқықтары мен міндеттері туралы 47-баптың келесі редакциясын ұсынып отыр.

Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыс абоненттік құрылғысын пайдалану қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, орта білім беру ұйымдарында оқу процесі кезінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыс абоненттік құрылғысын пайдалануына жол берілмейді, - делінген құжатта.

Негіздемеде ұялы байланыс абоненттік құрылғысын пайдалануға тыйым салуды тек оқу уақытында ғана емес, сонымен бірге үзіліс кезінде де қолдану кибербуллинг пен деструктивті контент қаупін азайтуға, мектептердегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға, білім алушылардың тікелей қарым-қатынасы мен әлеуметтену деңгейін арттыруға, сондай-ақ салауатты білім беру ортасын қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні айтылған.

Еске салайық, бұған дейін сабақта телефон қолданған оқушы үшін ата-анасы айыппұл төлейтінін жазған едік. 

Сондай-ақ, депутат мектептерде смартфон қолдануды шектеуді ұсынған болатын. 

Наверх