Қазақстанда оқитын ауған қыздарын кім қаржыландырады?

30 Қаңтар 2023, 13:43
1025
Бөлісу:
Қазақстанда оқитын ауған қыздарын кім қаржыландырады?
Фото: Zakon.kz

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда ауған қыздарын оқыту бағдарламалары бұрыннан жалғасып келе жатқан дүние. Соңғы кездері Ауғанстанда болған жағдайға байланысты тоқтап қалды. Біріккен Ұлттар Ұйымының үйлестіру бағдарламасы бар. Ауған азаматтарының қай бағдарламамен қай жоғары оқу орнына түскені, білім алғаны туралы нақты ақпаратты солар (БҰҰ – ред.) айтып береді, - деп атап өтті Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі. 

Айтуынша, Ауғанстаннан келген студент қыздарды Қазақстан Үкімет қаржыландырмайды. 

Айта кетерлігі, көбінесе әлеуметтік желілерден «Неге ауған студенттері біздің мемлекетте оқиды? Өз студенттерімізді неге оқытпаймыз?» деп кісілер шулап кетті. Ауған қыздары біздің жоғары оқу орындарында білім алғанымен, бірақ қаражатты толықтай Еуропалық Одақ бөледі. Олардың (ауған қыздарының – ред.) оқу ақысын Еуропалық Одақ төлейді. Ал сол қаржы біздің жоғары оқу орындарында қалады. Көпшілік түсінбей, оны (ауған қыздарының оқу ақысын – ред.) біздің Үкімет төлеп жатыр деп наразылық білдіріп жатады, - деп түсіндірді Айбек Смадияров. 

Өзгелердің жаңалығы