Қазақстанда Наурыз есімді 1 472 адам тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Бюроның мәліметінше:
Наурызбай есімді – 2 940 адам,
Наурызбек есімді – 3 206 адам,
Наурызхан есімді – 272 адам,
Наурызгали есімді – 145 адам,
Наурызғали есімді – 82 адам,
Наурызгүл есімді – 113 адам,
Наурызгуль есімді – 61 адам.
Ал Көктем есімді 25, Коктем есімді 18 адам тіркелген.
Қазақстанда Кумыс деген атпен тіркелген 472 адам бар. Ал Қымыз деген есіммен 1 ғана адам тіркелген. Сондай-ақ Курт есімді 5 адам тұрады.
Наурыз – түркі халықтары үшін дәстүрлі көктем мерекесі. Ол көктемгі күн мен түннің теңелу күндерінде тойланады. Ежелгі әдет-ғұрып бойынша, мереке алдында адамдар өз үйлерін, айналасын тазартып, қарыздарын өтеуі керек.