Қазақстанда Naruvax-C19 вакцинасы бастапқы сынақтан өтті

2 Сәуір 2022, 23:03
1819
Бөлісу:
Қазақстанда Naruvax-C19 вакцинасы бастапқы сынақтан өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан коронавирусқа қарсы тағы екі вакцинаны жасау жұмысын аяқтап қалды. Бұл туралы вирусолог-вакцинолог, профессор Қайсар Табынов мәлімдеді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Вакциналар денсаулық министрлігіне қарасты сынақ зертханасында клиникаға дейінгі зерттеулерден өтті. Сынақтың бірнеше сатысы болды. Олар:

өткір уыттылық кезіндегі қауіпсіздік (тышқандар, егеуқұйрықтар, соның ішінде буаз жануарлар);

дозаны көп мөлшерде және жиі салған кездегі уыттылықтың ішкі органдарға әсер ету дәрежесі мен қауіпсіздігі (тышқандар, егеуқұйрықтар, соның ішінде буаз жануарлар);

аллергия реакциясы (тышқандар, теңіз шошқалары, соның ішінде буаз жануарлар).

Екі вакцина да сынақтан өтіп, толығымен қауіпсіз екпе деп танылды. Алдағы уақытта клиникалық зерттеудің I кезеңі басталады.

Осының арқасында Қазақстан вирустық инфекциялардың пандемиясына барынша дайын болады.

Өзгелердің жаңалығы