Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда нәресте өлімі 22,7%-ға төмендеді

5 Қыркүйек 2025, 08:54
541
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

"AMANAT" партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы өлім-жітім көрсеткіші 3%-ға, ал нәресте өлімі 22,7%-ға азайды.

Біз 2029 жылға қарай халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын кемінде 77 жасқа жеткізуді көздеп отырмыз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш алғаш рет 75 жыл 4 айға жетті. Мемлекет басшысының тұрақты қолдауының арқасында денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткіштерді жақсарта алдық, – деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы