Қазақстанда меморгандар арасындағы дауларды Үкімет шешетін болды

13 Наурыз 2024, 10:43
831
Бөлісу:
Қазақстанда меморгандар арасындағы дауларды Үкімет шешетін болды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әділет министрі Азамат Есқараев заң жобасын таныстырды.

Оның сөзінше, 2021 жылғы 1 шілдеде мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалардың өзара іс-қимыл тәсілдерін түбегейлі өзгерткен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (ӘРПК) қолданысқа енгізілді.

ӘРПК қолданысқа енгізілгеннен кезден бастап, ережелердің тиімділігі әкімшілік соттарда дауларды қарау тәжірибесінде көрінді. Сонымен қатар құқық қолдану практикасы ӘРПК-нің процедуралық және процестік бөліктерін одан әрі жетілдіру қажет екендігін көрсетті, - деді министр.

Есқараев атап өткендей, 2022 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында әкімшілік әділет саласын одан әрі кеңейту қажеттігін тапсырған болатын.

Азамат Есқараев Мәжілістің жалпы отырысында заң жобасының негізгі бағыттарына тоқталды.

Біріншісі, жария – құқықтық даулардың жекелеген санаттарын Азаматтық процестік кодексінен әкімшілік әділет аясына көшіру. Оларға “Нормативтік құқықтық актінің заңдылығын даулау туралы істер бойынша іс жүргізу” АПК-нің 30-тарауы және “Азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс еместігін анықтау туралы істер бойынша іс жүргізу” АПК-нің 44-тарауы жатады.

Екіншісі, Үкіметке мемлекеттік органдар және мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар арасындағы заңнамалық нормаларды түсіндіру жөніндегі дауларды шешу жөніндегі өкілеттіктерді бекіту. Әділетмині мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар арасындағы дауларды ӘРПК ережелері (дауларды сотқа дейін реттеу) және Үкімет Регламентінің ережелері бойынша қаралатын тәсілді әзірледі.

Үшіншісі, Әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың жекелеген нормаларын одан әрі түзету, сондай-ақ ӘРПК-ке тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Сондай-ақ "әкімшілік акт" ұғымына жаңа анықтама беріледі. Нақты бір жағдайда (жол белгілері, санитариялық дәрігерлердің қаулылары) айқындалатын көпшілік кеңінен қамтылған адамдар топтарына арналған актілерді әкімшілік актілер қатарына қосу арқылы осы ұғымның мазмұнын кеңейту ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы