Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Мәжіліс кулуарында Қазақстанда маска режимін енгізу-енгізбеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мектептерде маска режимі енгізіле ме? – деп сұрады журналистер вице-министрден.
Тимур Сұлтанғазиев маска тағу ұсынылатынын атап өтті.
Тұмау маусымы кезінде барлығына маска тағу ұсынылады. Қазір 13 өңірде 800-дей мектеп 11 500-дей сыныпты қашықтан оқуға жіберді. Яғни шамамен 250 мың бала қашықтан оқуға жіберілді, – деді ол.
Ол сөзін толықтырып, маска режимін жаппай енгізу жоспарда жоқ екенін айтты.
Біз тек ауырып жатқандарға, симптомы бар адамдарға маска тағуды және үйде қалуды ұсынамыз. Созылмалы аурулары бар адамдарға және егде жастағы азаматтарға көшуге шығу қажеттілігі туындаса, маска тағуып шығуға кеңес береміз.
Оқи отырыңыз: