Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда Лу Бань зертханалары ашылды

30 Тамыз 2025, 18:44
519
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің жоғары деңгейдегі келіссөздерінен кейін Қазақстанда екінші және үшінші Лу Бань зертханаларының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Бұл жоба Лу Бань зертханасының тәжірибесін тарату жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында іске асырылды. Ол экономиканың түрлі секторы бойынша тәжірибеге бағдарланған оқыту мен маман даярлауды көздейді.

Қазақстанда Лу Бань зертханалары ашылды

Екінші зертхана Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, ал үшіншісі Алматы қаласындағы Логистика және көлік академиясында ашылды.

Қазақстанда Лу Бань зертханалары ашылды

Лу Бань зертханасы елімізде алғаш рет инженерлік-техникалық білім беруді дамытуға арналған алаң ретінде 2023 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде құрылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы