Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда күн күрт суытады: Жаңбыр, жел, бұршақ жауады

24 Қыркүйек 2025, 12:58
11309
Бөлісу:
 - архив
Фото: - архив

Алдағы күндері Қазақстанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Елдің барлық аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

26 қыркүйекте батыс пен солтүстік-батыста, ал 27 қыркүйекте солтүстік пен солтүстік-батыста нөсер жаңбыр, бұршақ және күшті жел болуы мүмкін.

Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді. Шығыс пен оңтүстік-шығыста түнде және таңертең тұман түсіп, жол қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін.

Ауа температурасы айтарлықтай өзгереді.

Батыста түнде 12–17 градустан 2–7 градусқа дейін төмендеп, -2 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал. Күндіз 10–23 градус жылы болады.

Солтүстік-батыста түнде 3–11 градус, күндіз 10–18 градус жылы.

Солтүстікте түнде 5–13 градус, күндіз 12–25 градус жылы.

Орталықта түнде 5–13 градус, күндіз 20–25 градус жылы.

Шығыста түнде 0–8 градустан 7–15 градусқа дейін көтеріледі, бірақ солтүстік пен шығыста -2 градусқа дейін үсік күтіледі. Күндіз 20–28 градус жылы.

Оңтүстікте түнде 5–15 градус, күндіз 25–30 градус жылы.

Оңтүстік-шығыста түнде 5–13 градустан 7–15 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 22–30 градус жылы болады.

Өзгелердің жаңалығы