Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов елімізде көмір бағасы қалай қалыптасқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрлік коммуналдық-тұрмыстық сектордың көмірмен қамтамасыз етуге жауапты. Алайда бүгінгі таңда мемлекет көмір бағасын реттемейді, – деді спикер ОКҚ-да өткен брифингте.
Жолмағамбетов разрездегі көмір бағаларына тоқталды. Оның дерегінше, бүгінгі таңда «Шұбаркөл Көмір» - 9 мың теңге, «Қаражыра» - 8,7 мың теңге. «Майкубен-Вест» - 7 мың 800 теңге , «Шұбаркөл премиум» - 9 мың теңге.
Тұрар Жолмағамбетов көмірдің әлемдік нарықтағы бағасы туралы айтты.
Еуропалық нарықтағы бағаны алып қарасақ, онда көмір құны 100-110 доллар көлемінде. Осыған қарап біздегі бағаның 4 есе төмен екенін көреміз. Онымен қоса, отандық көмір көршілеріміз Өзбекстан, Қызғызстан және Ресейден де арзан. Сондықтан бізде қолайлы баға қалыптасты деп айтуға болады, – деді министрлік өкілі.