Қазақстанда кімдер жеңілдетілген салық төлейді?

Кеше, 20:20
317
Бөлісу:
Қазақстанда кімдер жеңілдетілген салық төлейді?
Фото: BAQ.KZ архив

Қазақстанда жаңа Салық кодексі жобасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салықтық режимді қолдануға кімдердің құқығы болмайтыны нақтыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тиісті түзетулер салық жүйесін реформалау аясында қарастырылуда. Құжатқа сәйкес жеңілдетілген декларацияны тек белгілі бір талаптарға сай келетін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (резиденттер) ғана пайдалана алады.

Негізгі талаптар:

  • Жылдық табыс 600 000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспауы тиіс.
  • Бұл режим тек B2C сегментіне (кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын жеке тұлғаларға тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер ұсынатын кәсіпкерлерге) қатысты қолданылады.
  • Қызмет түрлері үкімет бекіткен нақты тізімге сәйкес болуы керек.

Жеке кәсіпкердің шекті табысын есептеу кезінде ескерілетін факторлар:

  • Салық салу объектісі (Салық кодексінің 711-бабына сәйкес);
  • Активтер құнының өсімінен түскен табыс;
  • Жалпы белгіленген тәртіп бойынша салық салынатын табыс.

Бұл өзгерістер салық жүйесін реформалау аясында талқыланып жатыр және жаңа талаптар қабылданған жағдайда, кейбір кәсіпкерлерге жеңілдетілген декларацияны пайдалануға шектеу қойылады.

Өзгелердің жаңалығы