Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда кене шаққандар саны күрт өскен

17 Сәуір 2025, 17:36
1094
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында кене шаққаннан кейін ауруханаға жүгінгендер саны күрт өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті дәрігерлер көктемнің басынан бері осы қауіпті жәндіктердің бұрын-соңды болмаған белсенділігін тіркеген. Кенеден зардап шеккендер саны өсіп келеді.

24 наурыз бен 14 сәуір аралығында ШҚО облыстық Ана мен бала орталығына кене шақты деп шағымданған 65 бала жүгінген. Зардап шеккендердің жасы 3-тен 18 жасқа дейін. 

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мұндай көрсеткіш бірнеше жылдан бері болмаған.

Өзгелердің жаңалығы