Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ел халқының саны туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, Қазақстан халқының саны 20 478 879 адамға жеткен. Ал жыл басында елде 20 283 399 адам тұрған. Осылайша, 2025 жылдың басынан бері халық саны 195 480 адамнан астам өсім көрсетті.
Халық саны ең көп өңірлер
Ең тығыз қоныстанған өңірлер қатарында:
• Алматы қаласы – 2 345 012 адам;
• Түркістан облысы – 2 148 168 адам;
• Астана қаласы – 1 630 640 адам;
• Алматы облысы – 1 592 652 адам.
Сондай-ақ халқы 1 миллионнан асатын өңірлерге мыналар жатады:
• Шымкент қаласы – 1 291 011 адам;
• Жамбыл облысы – 1 215 892 адам;
• Қарағанды облысы – 1 131 438 адам.
Халқы ең аз өңірлер
Сонымен қатар Қазақстанда халық саны салыстырмалы түрде аз өңірлер де бар. Олардың қатарында:
• Ұлытау облысы – 219 200 адам;
• Солтүстік Қазақстан облысы – 514 732 адам;
• Абай облысы – 596 000 адам.
Бюро дерегінше, қазақстандықтардың басым бөлігі әлі де қалаларда тұрады. Қалалық тұрғындар саны 13 013 064 адамды құраса, ауылдық жерлерде 7 465 815 адам тұрады.