Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда газ өндіру 7 айда 9,2%-ға артты

12 Қыркүйек 2025, 21:49
598
Бөлісу:
 Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Энергетика министрлігі елімізде табиғи газ өндіру көлемінің өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылдың қаңтар-шілде айларында 17,3 млрд текше метр газ өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,46 млрд текше метрге немесе 9,2%-ға артық.

Министрлік БАҚ-тағы газ өндірудің төмендегені жөніндегі хабарламаларды жоққа шығарып, Ұлттық статистика бюросының жедел деректері өндірістің тұрақты өсімін растайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, ведомство газ бағасының өзгеруі өндіру көлемімен байланысты емес екенін түсіндірді. Бағаның өсуі – нарықтық тетіктерге кезең-кезеңімен көшу, инвестиция тарту және жаңа кен орындарын игеру үшін қабылданып отырған жоспарлы шара.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, тарифтердің өзгеруі ұзақ мерзімді перспективада барлық тұтынушыларды үздіксіз әрі тұрақты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы