Қазақстанда екінші АЭС-ті кімдер салады? – министр жауабы

Кеше, 16:48
430
Бөлісу:
Қазақстанда екінші АЭС-ті кімдер салады?  – министр жауабы
Фото: автордан

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізге салынатын екінші АЭС-ті кімдер салатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Екінші АЭС бойынша бізге алаңды анықтау тапсырылды. Бұл жұмыс жақын арада жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда алдын ала ауқымды жұмыс атқарылды. Алда талдау жүргіземіз, сондай-ақ қоғам белсенділері мен экологиялық ұйымдармен тиісті кеңестер өтеді. Осыдан кейін үкіметке екінші, мүмкін, үшінші АЭС құрылысының алаңдары бойынша шешім енгізіледі, – дейді Сәтқалиев.

Энергетика министрі салушы компанияларға терең зерттеу жүргізіліп жатқанын айтады.

Біз екінші станцияны да қазірдің өзінде алдын ала іріктелген әлеуетті жеткізушілердің бірі немесе консорциумы салатынын көріп отырмыз, өйткені олар бойынша өте терең талдау жасалды. Дәл соларды біз Қазақстандағы құрылыс бойынша әлеуетті мердігерлер ретінде қарастырып отырмыз. Станцияның қуаты орналасатын өңірге байланысты анықталады, – дейді министр Энергетика министрлігінде өткен брифингте.

Өзгелердің жаңалығы