Қазақстанда екі айда 286,7 мың жұп аяқ киім шығарылды

10 Сәуір 2023, 19:30
994
Бөлісу:
Қазақстанда екі айда 286,7 мың жұп аяқ киім шығарылды
Фото: inbusiness.kz

Бұл былтырғы қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 42,9%-ға көп, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі energyprom.kz сілтеме жасап.

Өңірлер арасында ең көп аяқ киім, яғни 153 мың жұп Алматыда шығарылды. Көшбасшылар үштігіне Алматы (48,5 мың жұп) мен Жамбыл (27,9 мың жұп) облыстары да бар.

Қазақстанда жасалған өнімнің өсуіне қарамастан, 2022 жылғы қорытынды бойынша жергілікті компаниялар аяқ киімге сұранысты небәрі 4,2%-ға қамтамасыз етті. Отандық өнімнің нарықтағы үлесі 1,5 есеге өскенімен, өте аз болып отыр.

Ал аяқ киім импорты 1 жылда 22,9%-ға азайып, 38,7 млн жұпқа дейін төмендеді. Жалпы ішкі нарықта 40,3 млн жұп аяқ киім сатылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,6%-ға аз.

Осы тұста ақпан айының қорытындысы бойынша аяқ киімнің бағасы бір жылда 20,5%-ға өскенін де айта кетейік. Оның ішінде ерлер мен әйелдер аяқ киімі 18,2%-ға, балалар аяқ киімі 26,5%-ға қымбаттады.

Бағаның өсуін ең қатты Маңғыстау облысының тұрғындары сезінді, себебі ол жақта өсім 31,5% болды. Аяқ киім Шымкент (30,2%) пен Астанада (28%) да баға айтарлықтай қымбаттады.

Өзгелердің жаңалығы