Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда дәрі-дәрмек логистикасы онлайн-бақылауға көшеді

Бүгiн, 16:01
107
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

2026 жылы Қазақстанда дәрі-дәрмек логистикасынра ерекше өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл – елдегі көлік-логистикалық инфрақұрылымымызға қатысты мәселе. Биылғы жылға Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен екі деңгейлі жол картасы қабылданған. Қазір, 2025 жылы, біз қоймалық сақтау жүйесін енгізіп жатырмыз. Осы бағытта логистикалық компаниялармен бірге 3 пилоттық жоба іске асырылып жатыр. Олар – СТОФАРМ, Амир и Д, «Қазпошта». «Қазпошта» жүйесі де логистика процесіне қатысып отыр. Қалған компаниялар да осы бағытта жұмыс істеп жатыр, - деп атап өтті дәрі-дәрмек жеткізетін бірыңғай дистрибьютор басшысы.

Айтуынша, келесі жылдың басында осы жұмыстар толық аяқталуы мүмкін. Сондай-ақ ол жүйенің бізге не беретініне тоқталды.

Ең алдымен, қоймадағы толық ашықтықты қамтамасыз етеді. Біз әрбір ұяшықты, әрбір паллеттің орнын, оның қаншалықты толғанын, жүктің автокөлікке қалай тиеліп жатқанын – барлығын онлайн көріп отырамыз. Сонымен қатар бізде ЕФИС деп аталатын ақпараттық жүйе бар. Қазір ол жаңа платформаға көшіріліп, қайта жазылып жатыр. Бұл жүйе бізге жалпы картинаны толық көруге мүмкіндік береді. Соның ішінде қордағы қалдықтарды болжауға, нақты қанша дәрі бар екенін көруге, артық дәрі-дәрмек сатып алмауға, қоймада қажетсіз қор жиналып қалмауына жағдай жасайды. Бұдан бөлек, сіздер білетіндей, Қазақстанда 2023-2026 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту тұжырымдамасы бар. Сол құжатта алты өңірде өзіміздің қоймалық-логистикалық инфрақұрылымды, яғни хабтарды құру тапсырылған. Қазір біз осы хабтарды нақты түрде салу жұмыстарына кірісіп жатырмыз. Келесі жылы жобалық-сметалық құжаттаманы аяқтаймыз, - деді НұрлыбекАсылбеков.

Ал 2027 жылы Ақтөбе облысында алғашқы хабты «Формация» сақтандыру компаниясының қаражаты есебінен бой көтереді.

Бұл бізге бүгінде шарттарын өздері белгілеп отырған жекеменшік логистикалық компанияларға тәуелділіктен арылуға мүмкіндік береді, - деді компания басшысы.

Еске салайық, бұған дейін «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы 2026 жылғы Қазақстандағы дәрі-дәрмек бағасына қатысты айтты.

Өзгелердің жаңалығы