Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандай ма?

Бүгiн, 13:28
284
Бөлісу:
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандай ма?

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру механизмдеріне енгізілетін өзгерістер жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Депутаттың сөзінше, Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру механизмдеріне өзгерістер енгізуді қолға алды. Бұл шаралар бағаны төмендетуге көмектеседі. Қазір кейбір дәрілердің құны көршілес елдерге қарағанда жоғары.

Бағаны тіркеуде бірыңғай тәсіл енгізіледі. Шекті бағаларды қалыптастыру үшін бірыңғай базалық баға белгіленеді. Бұл дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе негізсіз қымбаттатуға жол бермейді. Сонымен бірге негізсіз шығындарды алып тасталады. Бұрын маркетинг және тасымалдау шығындары 30%-ға дейін жетіп, Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тағы 15% үстеме қосылатын. Енді бұл қосымша шығындар алынып тасталады, осылайша бағаны қолжетімді деңгейде ұстауға мүмкіндік туады, - деп жазды Аймағамбетов әлеуметтік желілердегі парақшаларында.

Сонымен қатар көтерме және бөлшек саудаға қосылатын үстемені төмендетіледі.

• Көтерме сауда – 15-20%-ға дейін.

• Бөлшек сауда – 20-30%-ға дейін.

Халықаралық деңгейде референттік баға енгізіледі. Енді дәрі-дәрмек бағасы халықаралық және ұқсас нарықтардағы бағамен салыстырылып отырады. Сонымен қатар, дәріханалардағы бағаны бақылау үшін бірыңғай референттеу жүйесі енгізіледі. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен бірігіп, тасымалдау және басқа да шығындар туралы объективті деректер алынады (ИС «Кеден»), - деп айтты ол.

Күтілетін нәтиже:

• МӘМС және ГОБМП аясындағы шекті баға 10-12%-ға төмендейді.

• Көтерме және бөлшек сауда бағасы азаматтар үшін 15-25%-ға арзандайды.

Біз бұған дейін де Денсаулық сақтау министрлігіне дәрі-дәрмек бағасын қалыптастырудағы мәселелерді атап көрсеткенбіз. Бұл мәселелер бағаның негізсіз өсуіне әкелді. Енді, ақыры, Денсаулық сақтау министрлігі дұрыс қадам жасауда. Бұл өзгерістер дәрі-дәрмектің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған нақты шешім, - дейді Асхат Аймағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы