Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында Қазақстанда болу ережесін бұзған 800-ден астам шетелдік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың бес айында облыс аумағында уақытша 3 287 шетелдік тіркелді, оның ішінде 126 – алыс шетел азаматтары, 3 161 – ТМД елдерінің азаматтары. 1 799 облысқа жұмыс мақсатында келді, 24 – қызметтік істер бойынша, 527 – жеке мақсат бойынша, 122 – оқуға және 815-і басқа мақсаттар бойынша келген, – деді Павлодар облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының сыртқы көші-қон басшысы Гомар Шабиденов.
Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін 826 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Соттарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 687 іс жіберілді. Оларды қарау нәтижелері бойынша 75 шетелдікті елден шығару туралы шешім қабылданды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану фактілері бойынша ӘҚБтК 519-бабы бойынша 37 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке басын куәландыратын құжаттарсыз не жарамсыз құжаттар бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғаны үшін ӘҚБтК 492-бабы бойынша 2 202 ел азаматы және 39 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылады, – деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар, жылдың басынан бастап әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 44 млн теңгеге 1 286 әкімшілік айыппұл салынды. Биыл полиция қызметкерлері алимент төлемеген 106 адамды анықтады. Облыстың 1 198 тұрғынына елден тұрақты тұруға шығу үшін материалдар қаралып, рұқсаттар берілді, оның 214-і алыс шет елдерге, 1 198-і ТМД елдеріне шығу үшін.
Қазақстан Республикасының азаматтығына 73 шетелдік азамат қабылданды, оның ішінде 59-ы – қазақ ұлты. Облыстың 37 361 тұрғыны жеке куәліктерімен және паспорттарымен құжатталған, – деп қорытындылады полицей.