Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда болашақта неше спорт түрі қалады

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
1 Ақпан 2024, 12:49
839
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мәжілістің комитет отырысында Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев неше спорт түрі қысқаратынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол бұл мәселені Үкімет ұзақ талқылағанын атап өтті.

Қазіргі уақытта жыл сайын 30-40 спорт түрінен қысқартып отырсақ, онда 2026-2027 жылға дейін қазіргі 180 спорт түрінің шамамен 60 түрі қалады, - деп айтты вице-министр.

Еске салсақ, Дәулет Мұқаев ауыл балаларының спортын дамытуға жағдай жасау керегін айтқан болатын.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

Өзгелердің жаңалығы