Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенат депутаты Ольга Булавкина азық-түлік қауіпсіздігі туралы өткен семинарда айтты.
Әлемдік дағдарысқа, мұнай мен шикізат бағасының төмендеуіне, экономиканың барлық саласында өндірістің құлдырауына әкелген пандемия жағдайында азық-түлікке тікелей әсер ететін ауыл шаруашылығын дамытудың қаншалықты маңызды екенін көреміз. Ол азық-түлік тәуелсіздігі, кедейшілікті азайту, халық үшін азық-түлік тауарларының қолжетімділігіне тікелей әсер етеді. Өкінішке қарай, Қазақстандағы бірқатар азық-түлік тауары бойынша импортқа тәуелділіктің жоғары деңгейі сақталып отыр, - деді ол.
Депутаттың айтуынша, соңғы бір жарым жылда біз азық-түлік нарығында көрші елдердің шекараларының жабылуына байланысты қиындық туындады.
Бұл өз кезегінде ең қажетті тауарлар бағасының өсуіне, сонымен бірге сатып алу қабілетінің төмендеуіне және азаматтарымыздың өмір сүру сапасына әсер етеді. Сенат депутаттары табиғи ресурстарды заманауи әдістер мен технологияларды қоса пайдалануға, органикалық өнімдердің ішкі нарығын дамытуға және халықтың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін органикалық өнімдердің өндірісі мен айналымын реттеуге арналған жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр, - деді Булавкина.
Ол атағандай, осылайша, Қазақстанның отандық тауар өндірушілерінің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.