Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда бір грамм алтынның бағасы қанша

Бүгiн, 12:50
208
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Желтоқсан айының соңында Қазақстанда алтын бағасы апта ішіндегі ең жоғары деңгейге жеткеннен кейін төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Ұлттық банкінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы дерегіне сәйкес, бір грамм алтынның құны 70 924,74 теңгені құрады. Ал бір күн бұрын, 30 желтоқсанда, металдың бір граммы 72 342,20 теңге болған.

Салыстыру үшін айтсақ, 25 желтоқсанда алтын бағасы 73 615,20 теңгеге дейін жеткен.

Бұған дейін хабарланғандай, желтоқсан айының соңында алтын мен күміс тарихи ең жоғары көрсеткіштерін жаңартты: күмістің бір унциясының бағасы 75 доллардан асып, ал алтынның құны бір унция үшін 4 531 долларға дейін көтерілген.

Жыл ішінде алтын шамамен 70 пайызға, ал күміс 150 пайыздан астам қымбаттады. Мұндай күрт жылдық өсімді нарық 1970-жылдардың соңынан бері көрмеген. Сонымен қатар күміс тек дағдарыс кезінде қорғаныш металл ретінде ғана емес, маңызды өнеркәсіптік ресурс ретінде де бағаланып отыр. Ол жартылай өткізгіштер мен жасанды интеллект бумын қамтамасыз етіп отырған дата-орталықтарға арналған жабдықтар өндірісінде кеңінен қолданылады.

Өзгелердің жаңалығы