Қазақстанда бейіт басына құлпытас орнатудың жаңа ережелері енгізіледі

20 Шілде 2023, 22:42
4788
Бөлісу:
Қазақстанда бейіт басына құлпытас орнатудың жаңа ережелері енгізіледі
Фото: baq.kz

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бұдан былай бейіт басына зәулім сарай салып, марқұм үшін үлкен жерді алуға тыйым салады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Енді тасқа өлең шумақтары мен артық ақпараттар жазылмайды. Әрі қоршау да тек мәйіт жатқан жермен шектеледі..

Басқарма жанынан ашылған «Қамқор-Шапағат» орталығы бірнеше облыстың мәслихатына осындай ұсыныс жолдады. Егер депутаттар қолдаса, 20 аймақтағы зират заңдылығы өзгереді.

Қабірге жерленген кісінің кім екенін айқындау мақсатында және жүргіншілер тарапынан тапталып, аяқ асты болмауы үшін оған шағын белгі қоюға рұқсат. Құлпытас биіктігі 1 метр, ені 50 сантиметрден аспауға тиіс. Құлпытасқа марқұмның аты-жөні, туған жылы мен қайтыс болған уақыты жазылса жеткілікті. Құлпытасқа марқұмның суретін қоюға рұқсат етілмейді, – дейді «Қамқор-шапағат» орталығының директоры Мейрамбек Қабыбекұлы.

Ал құлпытас жасайтын шеберлер болса, тұтынушылар таңдауында шек жоқ дейді. Олардың айтуынша, бейіт басына белгі қою үшін адамдар 7 миллион теңгеге дейін тапсырыс берген.

Өзгелердің жаңалығы