Қазақстанда бензин мен дизель бағасының қашан көтерілетіні белгілі болды. Бұл туралы Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін елімізде жанар-жағармайдың қанша теңгеге дейін көтерілетінін жазған болатынбыз.
Министрдің осы мәселеге қатысты бұйрықтың жобасы бүгін жарияланатынын мәлімдеді. Сөзінше, бұйрық 12 сәуірде күшіне енеді.
Яғни Қазақстанда 12 сәуірден бастап бензинь мен дизель қымбаттайды, - деп айтты Болат Ақшолақов брифингте.