Қазақстанда байларға салық қашан енгізілетіні белгілі болды

22 Желтоқсан 2022, 12:12
974
Бөлісу:
Қазақстанда байларға салық қашан енгізілетіні белгілі болды

Қазақстанда байларға салық қашан енгізілетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Байлық салығына қатысты заң жобасын қашан қабылдайсыздар? – деп сұрады журналист министрден.

Келесі жылы заң жобасы бойынша негізгі жұмысымыз басталады. Әсіресе, бірінші жартыжылдықта. Осы уақытта ортақ шешімге келеміз, - деп айтты Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Әлібек Қуантыров 2024 жылға дейін қабылдануы мүмкін екенін айтады.

Біздің жоспарымызға сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексін күшіне енеді. Егер қосымша уақыт керек болса, біз оны қарастырамыз, - деп жауап берді ол.

Ұлттық экономика министрі жоспарға сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан басталатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы