Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық деңгейі айтарлықтай төмендеді

14 Қазан 2025, 11:01
491
Бөлісу:
 BAQ.KZ  Жасанды интеллект
Фото: BAQ.KZ Жасанды интеллект

Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық деңгейі айтарлықтай төмендеді. Бұл туралы ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша балаларды қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңесшісі Аарон Гринберг ұйымның әр 5 жыл сайын жүргізетін «МИКС» халықаралық зерттеуінің нәтижелерін таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан ата-аналар тарапынан балаларды тәрбиелеу кезінде зорлық-зомбылық сипатындағы тәртіп қолдану деңгейі айтарлықтай төмендеген ел ретінде ерекшеленді. Атап айтқанда, физикалық жаза мен психологиялық агрессияны қолдану көрсеткіші 53%-дан 38%-ға дейін азайған. Бұл – бүгін Аарон Гринберг таныстырған есепте көрсетілген Орталық Азия мен Еуропа елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі, – деді Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева.

Бухарестте өтіп жатқан балаларға қарсы зорлық-зомбылықты жою жөніндегі халықаралық конференцияда Динара Зәкиева Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың балаларды қорғау саласындағы реформалары мен бастамаларын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған 150-ден астам тармақтан тұратын «Қазақстан балалары» бағдарламасын таныстырды.

Бұған дейін Қазақстанға ЮНИСЕФ-тің Еуропа мен Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Реджина де Доминичис келіп, қабылданған заңнамалық және институционалдық өзгерістерге жоғары баға берген болатын. 

Ол қазақстандық тәжірибені халықаралық деңгейде көрсету қажет екенін атап өтті. Әсіресе күн сайын мыңға жуық бала көмек сұрап жүгінетін мектептік QR-111 жүйесін және буллингтің, зорлық-зомбылықтың және суицидтің алдын алу тетіктерін біріктіретін SAFE платформасына ерекше тоқталды.

Өзгелердің жаңалығы